Президент ресми сапармен Ресейге барды
Президент ресми сапармен Ресейге барды
1,118
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлайды. Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.