Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы халыққа үндеу жасады
Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы халыққа үндеу жасады
Фото: tengrinews.kz
642
оқылды
Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шықты. Ол 6 қарашада кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңіліп, Миннеаполис қаласындағы аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді. Ауыр жарақат алған боксшының өміріне алаңдаған көпшілік оның ертерек сауығып кетуін тіледі. Vesti.kz-тің жазуынша, боксшы әлеуметттік желіде өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншотын жариялап, қиналғанда қолдау білдірген отандастарына алғыс айтты.
«...Осыған ұқсас хаттар көп келген екен. Қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда», – деп жазды боксшы.
 width= Бұған дейін спортшының денсаулығы туралы жазған болатынбыз.