Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындады
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындады
Фото: ҰҚК-нен алынды
1,355
оқылды
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.
Ермек Сағымбаев – ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты. Қазақ политехникалық институты (1989 ж.) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МҚК Құрметті қызметкері. 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді. 2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді. 1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды; 2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды; 2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы; 2021-2022жж. – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы; 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді, бүгін қайта тағайындалды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс болып, 12 басшы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.