Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.Ермек Сағымбаев – ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты. Қазақ политехникалық институты (1989 ж.) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МҚК Құрметті қызметкері. 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді. 2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді. 1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды; 2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды; 2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы; 2021-2022жж. – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы; 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді, бүгін қайта тағайындалды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс болып, 12 басшы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.