Алдағы екі-үш күнде -43 градус аяз болады
Алдағы екі-үш күнде -43 градус аяз болады
Фото: mobillegends.net
8,537
оқылды
«Қазгидромет» 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 29-30 қарашада еліміздің шығыс аймақтарында солтүстік антициклон әсерінен аяз болады. Қазақстанның қалған аумағында күн күрт суытады. 30 қараша мен 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде республиканың батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз, орталықта 15-25 градус аяз болады. Республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 градус аяз, оңтүстігінде  7 градус аяз, оңтүстік-шығыста  5-15 аяздан  0-8 градус  аяз болады.