Биыл 31 желтоқсан сенбі күніне сәйкес келеді. Бір аптада бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл күні демалады.
Жаңа жыл басталғаннан кейін үш күн, яғни 1, 2 және 3 қаңтар демалыс болады.
7 қаңтарда Қазақстанда Рождество мерекесі тойланады. Ол да сенбіге сәйкес келеді.
Рождествоға мемлекеттік мереке мәртебесі берілмеген. Сондықтан демалыс күніне сәйкес келсе, заң бойынша демалыс келесі күнге ауыстырылмайды.