Ел ертеңіне сенімділік
Ел ертеңіне сенімділік
333
оқылды
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалында ҚР президентінің кезектен тыс  сайлауының қорытындысы талқыланып, ел болашағының  жарқындығы жолында жүзеге асырылған саяси науқанға қатысқан қоғам белсенділері өздерінің ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Сайлау қорытындысында айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, алдағы 7 жылға ҚР Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облыстық штабының және  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Арыстанғали Арын, облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Керімбек қатысқан «TALQYLAU» диалог алаңында өткен отырысты жастар қанатының жетекшісі Еркебұлан Ақболатов жүргізіп отырды. Отырыстың алғашқы бөлігінде 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауындағы жетісулықтардың белсенділігі, сайлаушылардың еліміздің келешек кемелдігіне деген сенімділігі мен белсенділігі жөнінде ойларын жеткізген спикерлер жиынға қатысып отырған жастар мен қоғам белсенділері тарапынан түскен  сауалдарға жауап беріп, көпшіліктің көкейінде жүрген кейбір мәселелерге қатысты түсінік берді. ел
– Бұл жолғы сайлау бұрынғылардан өзгеше болды. Еліміздің ертеңгі бағыт-бағдарын шынайы көрсеткен саяси науқанға деген жұрттың ынтасы жоғарылығымен ерекшеленді. Біздің бағытымыз айқын және ол – әділетті әрі демократиялы қоғам құру. Қазіргі жұртшылықтың көкейінде «Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басымдықтарды 7 жыл ішінде жүзеге асырып үлгере ала ма?» деген сауал жүр. Тұжырымдама осы жылдарға лайықталып  даярланған және ондағы басымдықтар өміршең бастамалар. Тек алдағы атқарылар жұмыстар ғана емес, елдің дамуына жасалған жоспарлар қамтылған. Ендігі жерде мұны халық болып бірлесіп жүзеге асыруымыз керек.  Бізге қажеті өзара ынтымақтастық пен түсіністік, – деген Ермек Келемсейіт сайлауалды үгіт-насихат кезінде қарапайым халықтың көзінен ел ертеңіне деген сенімді байқағанын жеткізді.
ел Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Арыстанғали Арын мен облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Керімбек қазіргі сайлау жүргізудің тың тетіктері жайлы айтып,  электронды және бюллетеньмен дауыс берудің артықшылығы мен кемшілігін сарапқа салды.

Болат АБАҒАН