Өлі табылған танымал блогердің соңғы жазбасы жарияланды
Өлі табылған танымал блогердің соңғы жазбасы жарияланды
Фото: diapazon.kz
19 қарашада із-түзсіз жоғалып, 8 күннен кейін өлі табылған блогер әрі вайнер Мұрат Бірмағамбетовтің соңғы жазбасы жарияланды Марқұм соңғы жазбасын әйелі мен қызына арнапты. «Сүйіктім менің», –  деп жазып, суретін жариялаған блогер. Екінші жазбасын қызына арнапты. «Менің Боськам сценарист әрі актриса», – делінген жазбада. Айта кетейік, Мұрат Бірмағамбетов әлеуметтік желі қолданушыларына Марс Откатович және Мура Мариарчи лақап атымен танымал болған. 19 қарашада жоғалған ақтөбелік Мұрат Бірмағамбетовті жергілікті тұрғындар қаладан шарқ ұрып іздеген. Блогер үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған. Ал 27 қарашада марқұмның денесі табылғаны хабарланды. Оның өлімінің себебі туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мурат Бирмагамбетов (@mura_mariarchi)