Ақтөбелік блогердің өлімі: оқиға орнынан марқұмның өлім алдында жазған хаты табылды
Ақтөбелік блогердің өлімі: оқиға орнынан марқұмның өлім алдында жазған хаты табылды
diapazon.kz
19 қарашада із-түзсіз жоғалып, 8 күннен кейін әлі табылған танымал вайнер әрі блогер Мұрат Бірмағамбетовтің өліміне қатысты полиция тың дерек жариялады. Батыс Қазақстан облыстық  Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның мәйіті 28 қараша сағат 10.40-та «Жеңіс» шағынауданынан табылды. Полицияның хабарлауынша, ол 7-қабаттағы пәтердің балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өлім алдында жазған хаты табылған. Алайда полицейлер хатта не жазылғанын нақтыламады. Желіде Мұраттың жұбайына жіберген хаты жарияланды. Онда блогер көп жыл бойы құмар ойынын ойнап, бұл әдетті тастап кете алмағанын айтады.
"Саған жақсы күйеу, қыздарыма үлгілі әке бола алмағаным үшін кешір. 25 жыл бұрын осы құмар ойыны ауруына шалдықтым. Өмір бойы осы ойынды ойнап, тастап кете алмадым. Бұл мен үшін тозақ. Мың рет тастамақ болдым, алайда осы әдеттен арыла алмадым. Бұл қорқынышты", - делінген хатта.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.