Қаңтар оқиғасы: күдікті ұсталды
Қаңтар оқиғасы: күдікті ұсталды
Фото: ainews.kz
3,220
оқылды
Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген күдікті ұсталды, – деп хабарлады Бас прокуратура. Күдіктінің 11 айға жуық уақыттан кейін қолға түскені белгілі болды. Аталған дерекке қатысты Бас прокуратура пікір білдіріп, күдіктінің 21 қазанда ұсталғанын нақтылады. Еске салайық, 2022 жылғы 6 қаңтарда Елнар Қансейіт коменданттық сағат басталмай тұрып өз көлігімен Алматыдағы Назарбаев көшесімен жоғары жаққа кетіп бара жатқанда оққа ұшқан. Сәтбаев көшесіне жетіп, жол қиылысына тоқтаған сәтте оның көлігіне оқ жауған. Елнар алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған болатын.