Министр зейнетақы жинағын ерте шешіп алу туралы айтты
Министр зейнетақы жинағын ерте шешіп алу туралы айтты
Фото: Интернеттен алынды
133
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағынан ерте бастан қаражатты алу ұсынысы жайында айтып берді, – деп жазады «ҚазАқпарат».
«Тікелей жарналардың бір бөлігін пайдалану ұсынылды. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген азаматтар барынша аз жеткілікті сомадан асатын жинақталған жарналарды алуы туралы ұсыныс. Екінші санат – зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар. Біздің ұсынысымыз бойынша, сол жердегі жинағының 50 процентін ала берсе дейміз. Бір ғана шартпен: ол кісінің жинақтаушы қорында қалған ақшасы және мемлекет тарапынан алатын базалық зейнетақысы мен еңбек зейнетақысын қосқанда, ең аз дегенде табысының 40 процентінен төмен болса деген шартпен беріледі. 24 қаңтар күні президент өз пікірін айтты, алғашқы маңызды қадам жасалды деді және біздің мақсат жинақтардың бәрін таратып беру емес, азаматтардың қарттығын қамтамасыз ету, жалақыларын көлеңкеден шығару деді. Үкімет пен ұлттық банкке кезеңімен осы мүмкіндікті беруге болатын азаматтардың ортасын кеңейту керегін айтты», – деді Біржан Нұрымбетов.
Айта кетейік,  былтыр қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өз зейнетақы жинақтары арқылы баспана алу мәселесі шешуді тапсырған болатын.