Қазақстанның 7 өңірінде жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді
Қазақстанның 7 өңірінде жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді
Фото: inbusiness.kz
272
оқылды
Бүгін кешке қарай Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шығыс Қазақстанда, Абай және Павлодар облыстарында барлық республикалық тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктерге, дизельмен жүретін автомобильдерге қозғалыс шектелді. Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі шекарасында қозғалысқа шектеу енгізілді. Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолында, «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолында (Ботақара ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін), «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында (Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жолға шығуға рұқсат етілмейді. Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді. Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолында (Жамбыл облысының шекарасынан Жанкешу ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салды.