Белгілі ақтөбелік блогер 7-қабаттан секіріп кеткен
Белгілі ақтөбелік блогер 7-қабаттан секіріп кеткен
713
оқылды
Кеше, бір апат бұрын жоғалып кеткен ақтөбелік блогер Мұрат Бірмағамбетов қаза болғанын хабарлаған болатынбыз. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 қараша күні «Жеңіс» шағынауданында болды.
«Сағат 10.40-та 7-үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол жетінші қабат балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өзі жазып кеткен жазба табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.