Ақтау әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады
Ақтау әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады
298
оқылды
Бомба туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты Ақтау әуежайындағы адамдар эвакуацияланды.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, Ақтау қаласының халықаралық әуежайының ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама 28 қарашада сағат 16:48-де анонимді түрде келіп түскен.
"Оқиға орнына тиісті қызметтер шұғыл аттанды. Әуежай аумағын тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр",– деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.