Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
186
оқылды
Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік шығыстан соғады, күші түнде 15-20, облыс орталығында 25 м/с, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 29 қараша түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Алматы қаласында түнде тұман түседі Түнде Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі. Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 43 градус қатты аяз сақталады. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкент қаласында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.