"Канело" Мессиге қоқан-лоқы көрсетті
"Канело" Мессиге қоқан-лоқы көрсетті
416
оқылды
"Арсенал", "Барселона" және Испания құрамасының бұрынғы футболшысы Сеск Фабрегес Лионель Мессиге қоқан-лоқы көрсеткен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске жауап берді, деп жазады Vesti.kz. Мексиканы ұтқан соң киім ауыстру бөлмесінде аргентиналықтар жеңісті тойлағандықтан қарсылас команда ойыншысының жейдесі жерде жатқанына ешкім назар аудармады. Алайда әлеуметтік желіде соны байқап қойған "Канело" футболшыға үн қатты.
"Мессидің аяғының астында біздің елдің туы бейнеленген жейдені көрдіңіздер ме???? Құдайдан оны тауып алмасам екен деп тілеймін! Мен Аргентинаны қалай сыйласам, олар да Мексиканы солай құрметтесін! Мен Аргентина жайлы емес, тек Месси турасында айтып отырмын", - деп жазды Альварес твиттер парақшасында.
"Сен Мессиді білмейсің. Сен ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде не болатынын білмейсің. Ойыннан кейін БАРЛЫҚ жейделер жерде жатады. Содан кейін жуылады. Оның үстіне сен маңызды жеңісті тойлап жатсаң, оған мұлде назар аудармайсың", - деді Фабрегас Twitter парақшасында.