Салтанатты ұлықтау рәсімі өтті
Салтанатты ұлықтау рәсімі өтті
366
оқылды
Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекеттік Ту мен Президент Бай­рағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы Тәуелсіздік сарайының Үлкен за­лына әкелінген соң Қазақстан Рес­публикасының Президенті ке­ліп, мінберге көтерілді. Конституцияның 42-бабына сәй­кес, Қасым-Жомарт Тоқаев ха­­­­лыққа ант берді: «Қазақстан халқына адал қыз­мет етуге, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Конституциясы мен заңда­рын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің өзіме жүк­тел­ген мәртебелі міндетін адал ат­қару­ға салтанатты түрде ант ете­мін!». Сайланған Қазақстан Прези­ден­тінің қызметке кірісу құрметіне орай мемлекеттік Әнұран ойна­лып, 21 рет зеңбіректерден оқ атыл­­ды. Ал «Ақорда» резиден­ция­сының үстінде Қазақстан Респуб­ли­­касының мемлекеттік Туы кө­те­ріл­ді. Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақ­стан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды. Мемлекет басшысы салтанатты ұлық­тау рәсімінде сөйлеген сөзін­де өзіне зор сенім артқан барша отан­дасына алғыс айтты.
– Халықтың сенімі – ең құнды нәр­се. Сайлау нәтижесін халқы­мыз­дың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қа­­былдаймын. Халқының қол­дауы­на ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі ора­сан зор жауапкершілік. Алдағы 7 жыл­ды бүгінгі буынның және ке­лешек ұрпақтың алдындағы боры­шымды өтеуге берілген біре­гей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Хал­қымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақ­тап, Қазақстанды өркендеген, бақ­уатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жа­саймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент алдағы қызметінің бірқатар негізгі бағытын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, шынайы заң үстемдігін қамтамасыз етпей, әділетті әрі нарықтық экономиканы құру, жеке меншікті қорғау, бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халық­аралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады. салтанатты рәсім Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз ұлттық мүд­десін қорғауға бағытталған теңгерімді және конструк­тивті сыртқы саясатын жүзеге асыра беретінін жеткізді. Саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жал­ғасады. Ұлықтау рәсіміне Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респуб­лика­сының Парламенті депутаттары, Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, орталық мемлекеттік басқару органдарының басшылары, Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, діни конфессия өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қала­лары­ның әкімдері, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдік­тердің басшылары, президенттікке үміткер болғандар, саяси партиялардың басшылығы, Рес­публикалық және аймақтық қоғамдық штабтардың мүшелері, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, іскер топтар өкілдері, көрнекті ғалымдар, мәдениет және өнер қайрат­керлері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Cалтанатты ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады. «Қазақстан» орталық концерт залының сахна­сында еліміздің танымал әншілері Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Алишер Каримов, Біржан Хасанғалиев, Ұшқын Жамалбек, Тамара Асар, сондай-ақ «Астана балет» театры, Contrast, Terra би ұжымдары мен тағы басқа мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.