Достық символы

Достық символы

Түркияның Ыстанбұл қаласында «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші ашылды. Бұл ескерткіш екі ел арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың айрықша белгісі іспеттес. Іс-шараны Қазақстанның Түр­киядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев сал­танатты түрде ашып берді. Бағ­жылар ауданының мэрі Абдулла Оздемир мырза Түркияда тұрып жатқан қазақ ұлты өкілдеріне өз ризашылығын білдіріп, құттық­тауын жеткізді. Қазақстан Пар­ламенті Сенатының депутаты, Ха­лық­аралық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы сөз сөй­леп, қазақ ұлтының қилы тари­хына тоқталып, түрік халқы­ның бауырластығын тілге тиек етті. «Бірлік» қазақ жастары ұйы­мы­ның төрағасы Аслан Серік қазақ­тың қара домбырасымен «Қазақ осы» әнін орындап, жинал­ған қауымның ықыласына бө­ленді. Өз кезегінде «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Түр­кияның қарым-қатынасына тоқ­талып өтті. Сонымен қатар Бағ­жылар ауданының әкіміне шапан жауып арнайы сыйлық табыстады. Ескерткіш авторы, Қазақ­стан­ның Еңбек сіңірген қайраткері, Көркемсурет академиясының бірінші вице-президенті, белгілі суретші, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпір мырза ескерт­кіштің жасалуы мен тарихын таныстырды. Ескерткіштің ашылу рәсімінен кейін қазақ көшінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы көш» тақырыбында фотосуреттер мен Жоғары оқу орындарының білім көрмесімен танысу ұйымдас­тырылып, жиынға жиналған қауым естелікке суретке түсті.