Астаналық дәрігерлер тәжірибе алмасты
Астаналық дәрігерлер тәжірибе алмасты
Елордада травматология жә­не анес­тезиология саласында тә­­­жі­ри­­бе алмасу бойынша ше­бер­­лік саба­ғы өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. Қалалық №2 көпбейінді бала­лар ауруханасында тәжірибе алмасу жиыны алдымен елордалық дәрігерлерге өзге елден кел­ген әріптестерін таныстырумен басталды. Аста­наға Ресей Федерациясындағы Қызыл Крест атындағы Қорған облыстық балалар кли­никалық ауруханасының бөлім меңгеру­шісі, травматолог-ортопед Анатолий Коро­бей­ников пен Илизаров атындағы травма­то­логия және ортопедия Ұлттық медици­на­лық зерттеу орталығының анестезиолог-реа­ниматолог дәрігері Вадим Евреинов ар­найы шақырылды.Травматолог-ортопед Анатолий Коробейников өз сөзінде елордада медициналық көмек көрсету сапасының жо­ғары екенін айтты.
– Мен Астанаға бірінші рет келіп тұр­мын. Кеше науқас жағдайына байланысты бір­қатар мәселені талқыладық. Елордада ме­дициналық көмек көрсету жақсы дамыған деп ойлаймын. Ота жасау барысында түсін­діру жұмыстарын жүргізу өте нәтижелі. Өйт­­кені әртүрлі жағдай болады. Сондықтан жан-жақты қарастыратын боламыз, – деді дәрі­гер.
Бүгінде медицинада ота жасау кезінде жан­­сыздандыру әдісі өзгеріп келеді. Анес­те­зиолог-реаниматолог дәрігері Вадим Ев­реи­новтың сөзінше, жарақат аумағын ғана жан­сыздандыру әдісі науқастың денсау­лы­ғын тез қалпына келтіруге көмектеседі.
– Науқастың жарақат орнын ғана жан­сыз­дандыру үшін алдымен оның жүйке тал­шықтарын тауып алу қажет. Сол арқылы біз анықталған орынға ғана анестезия әдісін қолданамыз. Жалпы жансыздандыру әдісін қолданбаймыз. Науқас тек ұйықтайды және өз еркімен тыныс алады. Ал ота аяқтал­ған соң оған қатты ауыр болмайды. Қалпына келу процесі тез жүреді. Негізі, бұл әдіс бұ­рын­­нан бар. Тіс дәрігерлері әлі де қолданып ке­леді. Сондықтан да дәрігерлер осы әдісті қай­тадан қолдануды дұрыс деп тапты. Біз бү­гін түсіндіретін әдістер елордалық ба­ла­лардың денсаулығына оң нәтиже береді деп се­неміз. Барлық әріптесіме сәттілік ті­лей­мін, – деді анестезиолог маман.
Ресейлік дәрігерлер елордалықтарға ба­ла­ларға жалпы анестезияның «ауыр» түр­лерін қолданбай, заманауи жарақат аумағын жан­сыздандыру әдісін көрсету үшін ота бөл­месіне барды. Олар осыдан үш жыл бұ­рын балалар ойын алаңында құлап, бұғана сүйе­гін сындырып алған Алтын есімді қызға ота жасады. Анасы Әлияның сөзінше, бұған дейін ота жасалғанымен, нәтижесі ойдағы­дай болмаған.
– Қызым құлап қалған кезде оның бұ­ғана сүйегіне шұғыл ота жасалды. Бәрі жақ­сы болды, артынан пандемия басталып кет­ті. Биыл көктемде біз рентгенге түстік, сол кезде бұғана сүйегі толық жазылмағанын бай­қадық. Мен жарты жыл бойы білікті хи­рург іздедім. Мәскеу, Қытай және Түркия ел­деріне баруды жоспарлаған едік. Бірақ біз­дің осы ауруханадағы дәрігеріміз қараша айын­да ресейлік білікті дәрігерлер келетінін ай­тып, ота жасауға рұқсат беруімді сұрады. Мен бұл дәрігерлер туралы оқып, әбден зерт­тедім. Міне, бүгін ота жасауға дайында­лып келдік. Барлығы жақсы болады деп үміт­тенемін, – деді Алтынның анасы.
тәжірибе алмасты Аурухананың жарақат пунктіне жаз мезгі­лін­де 400-ге жуық бала келеді. Оның ішінде 10 шақты балаға шұғыл ота жасалынады. Ал елор­дада ай сайын шетелдік дәрігерлермен тә­жірибе алмасу жиындары өтеді. Аурухана­ның травматолог-ортопед маманы Олжас Бай­назаров өз сөзінде травматология сала­сында ұзақ уақыттан бері тәжірибе алмасу кез­десуі өтіп тұратынын айтты.
– Балалар арасында сүйек сынығы жиі кез­деседі. Әсіресе, біздің ауруханада жаз-қыс мезгілдерінде абайсызда құлап, жарақат алған балалар көп келеді. Біздің дәрігерлер­дің күніне бірнеше ота жасауға қолы үйрен­ген. Бірақ медицина саласында жүргендік­тен, әрқашан тәжірибе алмасып тұрған өзі­мізге де пайдалы деп ойлаймын. Бүгін бізге Қор­ған қаласынан екі дәрігер келді. Олар ба­ла­лар­дың аяқ-қолдары сынығына ота жасау бары­сын­да жалпы организмге азырақ зиян тигі­зетін жансыздандыратын әдісті көрсетті. Не­гізінде, сынық болған кезде гипспен ұзақ жүр­генше, одан да ота жасаған тиімдірек. Бала отадан кейін қозғала бастайды, – деді трав­матолог-ортопед.
Ота барысында анестезияның заманауи түрі қолданылды. Ресейлік дәрігерлер елор­далық әріптестеріне барлығын егжей-тег­жейлі түсіндірді. Жалпы, ота бір жарым са­ғат­қа созылды. Дәрігерлердің айтуынша, қа­зір науқастың жағдайы жақсы. Жарақат ор­нында ешқандай ауырсыну белгілері жоқ.