Тоқаев ресми сапармен Францияға барды
Тоқаев ресми сапармен Францияға барды
Фото: mobillegends.net
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.