Премьер-Министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.