Мұз үстімен Нұра өзенінен өтпек болған екі көлік суға батып кетті

Мұз үстімен Нұра өзенінен өтпек болған екі көлік суға батып кетті

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин кентінде Нұра өзеніне 2 көлік батып кетті. Олар көпір болса да, төте жол мұздың үстімен өтпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көліктің бірі – «Газель» (ішінде 3 адам) және «Мерседес» жеңіл автокөлігі (ішінде 6 адам, оның ішінде 2 бала болды). Жүргізушілер мен жолаушылар көліктер ішінен өздігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ. Автокөліктер мұз астында қалды, оларды судан алып шығу жұмысы бөлек жүргізіледі.