«Қазфосфат» жұмысшыларының жалақысы көбейетін болды

«Қазфосфат» жұмысшыларының жалақысы көбейетін болды

«Қазфосфат» жұмысшыларының талабы орындалатын болды. Қара жұмысшылар еңбек дауына қатысты 14 мәселені көтерген еді. Еңбек инспекциясы жұмысшылардың талабын ескере отырып, уәде берді. Оның ішінде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазфосфат» қызметкерлерінің жалақысы 50 мың теңгеге, 1 шілдеден бастап 30 мың теңгеге көтеріледі. 2024 жылдан бастап инфляцияны ескере отырып, жалақыға қосымша жыл сайын қосылып отырады. Компания қызметкерлерін емдеу, сауықтыруға жіберу бойынша келесі жылдан бастап 4 санаториймен келісімшарт жасалады.