«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жағдаймен танысу және халыққа жедел көмек көрсету үшін Екібастұз қаласына келді. Халық қалаулылары үй-үйді аралап, жылытқыштар мен жылы киім-кешек табыстады.

Депутаттар арнайы құрылған жедел штабта төтенше жағдайдың жай-жапсарын талқылады. Оған облыс басшылығының, барлық техникалық қызметтің, энергетикалық кәсіпорындардың және Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты.

Мәжіліс депутаты Артур Платонов бүгінде гуманитарлық көмекті жеткізу жұмысы белсенді жүріп жатқанын атап өтті.

 

«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

«AMANAT» партиясы тұрғындарға көмек көрсету ісіне белсенді атсалысып жатыр. Мобильді бригадалардың құрамындағы қоғам белсенділері үй-үйді аралап жүр. Жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, ерекше қажеттілігі бар азаматтар, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жиналуда», – деді ол.

Осы күні депутаттар қала тұрғындары үшін жылыту пункті орналасқан №36 мектепке барды. Қалада дәл осындай 12 пункт ашылды. Сондай-ақ халық қалаулылары Екібастұздағы қалалық ауруханаға барды. Қазір мұнда 240 емделуші бар.

 

«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

«Терапия және педиатрия бөлімшелерінің жұмысымен таныстым. Аурухана штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жоспарлы және жедел жеткізілген емделушілерді қабылдайды», – деді Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселесі туралы ойын білдірді.

«Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізу қажет. Осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға емес, өз қалтасына салған азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет», – деп атап өтті Ерлан Саиров.

Мәжіліс депутаты Вера Ким Екібастұзда азаматтарға көмек көрсету үшін «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Екібастұзда мамандар апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.