«440 миллион теңге ұрлаған»: Алматыда екі компания басшысына қатысты тергеу аяқталды
«440 миллион теңге ұрлаған»: Алматыда екі компания басшысына қатысты тергеу аяқталды
© azattyq-ruhy.kz
389
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша  AlanParking ЖШС директоры М.Базарбаевқа және «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС директоры М.Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. «Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды. ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және  AlanParking  ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады»,– деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.