Алматы-2 вокзалының ғимаратынан өрт шықты
Алматы-2 вокзалының ғимаратынан өрт шықты
250
оқылды
Бүгін, 29 қарашада Алматы-2 вокзалының ғимаратынан өрт шықты. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 14.08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылай хан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалының ғимараты, атап айтқанда вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері –жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт сағат 14.30-да  оқшауланып, сағат 14.50-де  толық сөндірілді.
«Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Пойыздардың кешігуі болған жоқ», – делінген хабарламада.