Талдықорғандағы саябақта үсіп өлген ер адамның мәйіті табылды
Талдықорғандағы саябақта үсіп өлген ер адамның мәйіті табылды
© sn.kz
706
оқылды
Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағынан белгісіз ер адамның үсіген денесі табылды. Полиция тергеу бастады, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция тексере келе марқұмның 41 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны екенін анықтады. "Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ. Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", – деді Талдықорған облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрахмет Көбей.