«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмекті тарату жұмысына жұмылдырылды.
Екібастұзда Жастар қанатының волонтерлер штабы тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. «Жастар рухының» белсенділері үй-үйді аралап, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда.
«Еріктілеріміз мұқтаж жандарға көрпе, термос және басқа да қажетті заттарды таратып жатыр. Бүгін түнде 1 000 жаңа электр жылытқыш тиелген жүк түсірдік. Бұл заттар, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға, зейнеткерлерге қажет. Екібастұз қаласының барша тұрғынына жағдай қалыпқа келгенге дейін көмек көрсетеміз. Мұндай жағдайда сырттан бақылап отыру мүмкін емес. Дәл осындай сәтте ынтымақ пен бірлігімізді танытуымыз керек», – деді ол.
«Волонтерлер штабында жылы киім-кешекті, суды, басқа да қажетті тауарларды қай мекенжайға апару керектігі туралы өтінімдер сараланады. Бізге жылусыз қалған әрбір тұрғынға, әрбір отбасына көмек көрсетілгені маңызды», – деді.