Тікелей эфир кезінде депутаттың түкіргені де камераға түсіп қалған
Тікелей эфир кезінде депутаттың түкіргені де камераға түсіп қалған
© abai.kz
1,379
оқылды
Ерлан Саиров "Хабар 24" арнасына елдегі жылу-электр орталықтарындағы мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берген. Тікелей эфир барысында депутаттың түкіргені де камераға түсіп қалған. Депутаттың бұл әрекетіне қатысты желі қолданушылары пікір қалдырып, сынға алды. "Халыққа деген қарым-қатынасын көрсетті", "Мұндай әрекет үшін заң бойынша айыппұл қарастырылған", – деп жазды желі қолданушылары. Ал Ерлан Саировтың өзі бұл жағдайдың қақаған аязда және адам жоқ жерде болғанын айтып, ақталды.
"Біріншіден,  қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан, осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек. Біз қоғам алдында әрбір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс-тұрысымызды түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін. Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын! Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын”, – деп жазды ол өз Facebook парақшасында.