Қостанай облысында 1 аптадан кейін даладан өлі табылған қыздың неден көз жұмғаны белгілі болды
Қостанай облысында 1 аптадан кейін даладан өлі табылған қыздың неден көз жұмғаны белгілі болды
Фото: instagram.com/dpso_bars
21,796
оқылды
Қостанай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі Қарабалық ауданының 26 жастағы тұрғынының өліміне қатысты сауалға жауап берді, – деп хабарлады alau.kz. 1996 жылғы қыз Галина Галкина 3 қарашада жоғалып кеткен. Ол  «Қазпоштадан»  жұмыстан шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Бірнеше күннен кейін ол даладан өлі табылды. «Сараптама қорытындысында өлім себебі дәрі-дәрмектен улану деп көрсетілген», – деп хабарлады ведомство. Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен қыз даладан өлі табылғанын хабарлаған болатынбыз.