Абай облысында ауа райына байланысты барлық жол жабылды
Абай облысында ауа райына байланысты барлық жол жабылды
Фото: egemen.kz
520
оқылды
Абай облысында бүгін кешкі сағат 19.00-ден бастап облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскесіне шектеу енгізілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сағат 19.00-ден бастап ауа температурасының -30 С градустан төмен түсуіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелері бойынша жеңіл, қоғамдық және тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.