Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
497
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Алматы облысының Үлкен Алматы су алабында қар көшкіні жүруі ықтимал. Осы себепті қар жатқан тау беткейлеріне шығудан бас тарту ұсынылады. Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел көтеріледі. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыс орталығында күші 15-20 м/с артады. Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 40 градус қатты аяз сақталады. Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 30 қарашада, түнде 1 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар жауатыны күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 30 қарашада, түнде 1 желтоқсанда 23-28 м/с жетеді.