Павлодарда автобус пен төрт көлік соқтығысты
Павлодарда автобус пен төрт көлік соқтығысты
Павлодарда көше ортасында автобус пен төрт көлік соқтығысты. Бір көліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сәтбаев көшесінде болған.
«Алдымен Toyota Camry мен Kia Rio көліктері соқтығысқан. Олар «ГАЗ-53» автокөлігіне соғылған. Соққы салдарынан «ГАЗ-53» автокөлігі «Toyota Ipsum» көлігімен және №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», – деді департаментте.
Жедел жәрдем станциясында оқиға салдарынан «Toyota Ipsum» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі №1 қалалық ауруханасына жеткізілген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.