"Мессиге оның саусағының ұшы тиетін болса" – Майк Тайсон "Канелоға" жауап қайтарды
"Мессиге оның саусағының ұшы тиетін болса" – Майк Тайсон "Канелоға" жауап қайтарды
Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған Майк Тайсон Лионель Мессиге қоқан-лоқы көрсеткен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті орнына қойды, деп жазады Vesti.kz. Мексиканы ұтқан соң киім ауыстру бөлмесінде аргентиналықтар жеңісті тойлағандықтан, қарсылас команда ойыншысының жейдесі жерде жатқанына ешкім назар аудармады. Алайда әлеуметтік желіде соны байқап қойған "Канело" футболшыға үн қатты.
"Мессидің аяғының астында біздің елдің туы бейнеленген жейдені көрдіңіздер ме???? Құдайдан оны тауып алмасам екен деп тілеймін! Мен Аргентинаны қалай сыйласам, олар да Мексиканы солай құрметтесін! Мен Аргентина жайлы емес, тек Месси турасында айтып отырмын", - деп жазды Альварес твиттер парақшасында.
Содан соң Тайсон Диего Марадонаның қолтаңбасы қойылған Аргентинаның жейдесін киіп, Мессиге қолдау білдірді.
"Канело" деген біреу Мессиге қоқан-лоқы көрсетіп жатыр екен. Егер Мессиге оның саусағының ұшы тиетін болса, мен үлкен үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралуға мәжбүр боламын", - деп жазды 56 жастағы Тайсон Twitter парақшасында.