Қазақстан халқы Ассамблеясы rеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы rеңесінің отырысы өтті

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы ресми сайтында хабарлады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов отырыстың басында кеңеске қатысушыларды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 20 қарашада өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. ҚХА Кеңесінің отырысында Ассамблеяның 31-сессиясындағы шешімдер талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов саяси реформалар Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі институты болып табылатын этномәдени бірлестіктер мүшелерінің азаматтық белсенділігіне сүйенетінін атап өтті. Сонымен қатар, Марат Әзілханов өз сөзінде Қоғамдық келісім кеңестерін қайта қарастырып, ҚХА Ақсақалдар кеңесі институтын құру туралы маңызды шешім қабылданғанына тоқталды. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің негізгі міндеті — қоғамда бірлікті нығайту, азаматтардың патриотизмі мен жауапкершілігін тәрбиелеу, медиация және жергілікті халықтың арасында келісімді қамтамасыз ету бойынша білім мен тәжірибе алмасу болып табылады. Кеңеске қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына ҚР Мәжіліс депутаттары, республикалық және жергілікті этномәдени бірлестіктердің басшылары және ҚХА қоғамдық құрылым өкілдері (Аналар кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері, Медиация кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ, Кәсіпкерлер ассоцияциясы) қатысты. Сондай-ақ отырыс барысында ҚХА Кеңесінің құрамы толықтырылып, Тәжіктердің Республикалық Этномәдени Орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов ҚХА Кеңесінің мүшесі болды. "Кеңес құрамына ел басшылығы, Президент Әкімшілігі, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ жергілікті жерлерде ҚХА төрағасы болып табылатын 84 мүше кіреді",-деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.