Қатар құрамасы антирекорд жасады
Қатар құрамасы антирекорд жасады
494
оқылды
Қатар құрамасы Нидерландыдан жеңіліп, антирекорд жасады. 3-турда нидерландтықтар турнир қожайыны Қатармен кездесті. Қатар футболшылары 2-турдан кейін плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылған. Ойынның 26-минутында Коди Гакпо гол соқты. Ал Екінші таймның басында Френки Де Йонг көзге түсті. Осылайша Нидерланд қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Айта кетсек, нидерландтық футболшылар 1974, 1978, 2010 жылдары күміс медаль алса, 2014 жылы үздік үштікті түйіндеді. Қатар құрамасы соңғы орын алды. Қатар құрамасы ешқашан болмаған антирекорд орнатты. Команда турнир қожайыны бола тұра, үш ойында да жеңілген алғашқы құрама атанды.