Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық акциясын жариялайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық акциясын жариялайды
192
оқылды
Ассамблея Достық үйлерінде Екібастұз тұрғындары үшін көмек жиналып, #Бізбіргеміз акциясын жариялады. Бұл жайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайты хабарлады.  Соның арқасында олар Екібастұз тұрғындарына көмек көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Екібастұз тұрғындарына 650 жылытқыш жеткізді. Көмек көрсету бойынша алғашқылардың бірі болып, Қазақстан корейлерінің Қауымдастығы белсенділік танытты. Оның басшысы Юрий Германович Шин Екібастұзда жедел штабта және қала тұрғындарымен кездесулер өткізіп, елді бірлікке шақырды. «Біз депутаттармен, халықпен кездесіп, техногендік апатқа байланысты қала тұрғындарының қажеттіліктерінің көлемін анықтау мақсатында жедел штабпен бірлесіп жұмыс жүргізу үшін Екібастұз қаласына келдік», - деді Юрий Шин. Оның айтуынша, Ассамблеяның кәсіпкерлері мен қайырымдылық жасаушылары қала тұрғындарына көмек көрсету туралы үндеуге ізін суытпай, жылдам үн қосты. «Қазақстан халқы қиналған кездері Қазақстан халқы Ассамблеясы қашанда алдыңғы қатарда болды, бұрын да солай болған, қазір де солай болады. Өйткені бірлік пен ынтымақ қашанда нақты істермен расталады», - деп қорытындылады Юрий Шин. Соңғы келіп түскен ақпарат бойынша, Екібастұз қаласында 130 астам көпқабатты үйлер, 100 астам жеке тұрғын үйлер жылусыз қалды. Ал алдағы күндері -30°С дейін аяз болып, күннің суытатыны жайында болжап отыр. Осыған орай, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Достық үйлерінде сонымен қатар Астана, Семей қалаларында және БҚО, СҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қажетті ыстық жабылғылар, жылытқыштар және тағы да жылыту құралдарын жинау үшін жедел штабтар құрылды. Гуманитарлық көмек жіберу үшін мекен-жай: Екібастұз қаласы, Достық Үйі, М.Жүсіп көшесі, 101. Байланыс телефоны: +7 777 545 18 15