Рианна риза болды
Рианна риза болды
Қарағандылық монтаж редакторы және саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев R&B және поп-музыка орындаушысы Рианнаның промороликтерімен жұмыс істеген. Қарағанды облысы әкім­дігі­нің мәліметінше, оның жұ­мысы тапсырыс беруші BRTHR сту­дия­сына ғана емес, әншінің де көңілінен шыққан. Әділхан Дүй­сембаев бұл салаға жаңа кел­ген маман емес. Ол 10 жылдан бері фото және видео түсірумен, сон­дай-ақ монтаждаумен ай­на­лысады. Snipes және Levi's сияқ­ты танымал брендтермен жұмыс істеген. Биыл қазақ­стандық брейкдансер Николай Черников туралы деректі фильм түсірді. Ал Рианнаға арналған бей­нелерді монтаждау тапсырысы Әділханға шоу-бизнес жұлдыз­дарымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан BRTHR студия­сынан түседі.
«Мен Savage x Fenty Show үшін промороликтермен жұмыс істедім. Бұл – Рианна брендінің жыл сайынғы сән көрсетілімі туралы арнайы америкалық те­ле­визиялық шығарылым. BRTHR студиясының режис­серінен тапсырма алдым және олар маған толық еркіндік берді. Таңертеңнен кешке дейін екі апта бойы жұмысты уақытында аяқтау үшін үйден шықпай еңбек еттім. Бұл –Рианнаға арналған екінші бейнеролик. Сондай-ақ аталған жобаға арналған жар­намалық роликті монтаждадым», – дейді Әділхан.
Айта кетерлігі, талантты жі­гіттің мамандандырылған білімі жоқ. Оның айтуынша, алдымен фо­тоға, содан кейін видео түсі­руге қызығушылығы оянған. Әділ­ханның айтуынша, қазір ин­тернеттің көмегімен бүкіл әлем­ге мәлімдеме жасауға мүм­кін­дік бар. Тек өз ісіңе сеніп, оны сүю керек. Оған қоса қара­ғандылық азаматқа жаңа жоба­ларға ұсыныс түсіп жатыр.