McDonald's неге жабылды?

McDonald's неге жабылды?

Премьер-Министрдің орынбасары әрі Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда McDonald's-тың уақытша жабылу себебін айтты. Оның айтуынша, танымал қоғамдық тамақтану желісін қайта құру процесі жүргізіліп жатқанға ұқсайды.

«Мен барлық ақпаратты айта алмаймын, өйткені мендегі дерек­тер әлі бас кеңсемен келісілген жоқ. Өнімнің көп бөлігі шетелден әкелінді. Бізде тек тоқаштар өнді­рілген. Сондықтан қазір қайта құру процесі жүріп жатыр. Біз бас­шылыққа Сауда министрлігінен қандай көмек қажет екенін сұра­дық. Техникалық реттеу коми­теті­не сертификаттауға қалай көмек­тесе алатынымызды тезірек қарау туралы тапсырма бердім. Бұл ба­ғытта жұмыс жүріп жатыр», – деп жауап берді Жұманғарин.
Қазір еліміздің үлкен қалала­рында орналасқан McDonald's та­мақтану орындарының бәрі жа­бық тұр. Сондай-ақ ведомство басшысы ауқымды желінің елі­мізде жұмысын тоқтатуына кә­сіпкер Қайрат Боранбаевтың қа­мауға алынғанының қатысы жоқ екенін айтты.

 М.ХАҚНАЗАР