54 медаль жеңіп алды

54 медаль жеңіп алды

Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қа­ла­сында IWAS-2022 Дүние­жүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спорт­шы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі тұлға­ларға арналған спорттық даярлау орталығының хабар­лауынша, Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және пара­пауэрлифтингтен 27 спортшы қатысты. Нәтижесінде, парас­портшыларымыз жарыста 14 алтын, 20 күміс және 20 қола ме­даль жеңіп алды. IWAS ойындары – бұл мүге­дектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға ар­налған халықаралық спорт. Дүние­жүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді. IWAS ұйымына 73 мемлекет мүше.

Айбике ЖАНАСЫЛ