Департамент басшысы азаматтарды қабылдады
Департамент басшысы азаматтарды қабылдады
233
оқылды
Медициналық және фар­мацевтикалық қызметті ба­қылау комитетінің Қызылор­да облысы бойынша депар­таментінің басшысы Ғалия Байменова облыстық партия филиалының қоғамдық қа­былдау бөлмесінде азамат­тарды қабылдады. Қабылдау барысында азамат­тар дәріханалардағы дәрі-дәр­мектер бағасы, дәріхана қыз­меткерлерінің этика нормаларын сақтауы, сонымен қатар мейір­бикелердің санаттары бойынша мәселе көтерді. Департамент бас­­шысы келушілердің сұрақ­тарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағаның шекті мәнін Dari.kz сайтына кіріп анықтауға болады. Ешбір дә­ріхана оларды ДСМ бұйрығы негізінде бекітілген шекті бағадан асыра алмайды. Егер ондай заң бұзушылықтар анықталған жағ­дайда 23-40-36 телефон нөміріне хабарласып, департаментке ша­ғым­дану мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. Ал мейірбикелердің санатта­рына қатысты бөліністер ҚР «Ха­лық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі» Кодексіне 2020 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістер негізінде алынып тас­талған. Сертификатталу міндет­телуіне орай санаттық бөлініс заңда көзделмеген.