TALQYLAU: делегаттар әсерімен бөлісті
TALQYLAU: делегаттар әсерімен бөлісті
«AMANAT» партиясы Шым­­кент қалалық филиалында TALQYLAU диалог алаңы ұйым­дастырылды. Кез­де­суде кезектен тыс пре­зиденттік сайлаудың қо­ры­тындысы талқыланды. «Сайлау-2022: жаңа қоғам» тақырыбында өткен жиынға ха­лықтық коалиция өкілдері, қо­ғам­дық кеңес мүшелері, фракция мүшелері, партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Диалог алаңында алғаш болып сөз алған партияның Шымкент қа­лалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева өткен сайлау халқымыздың саяси мә­де­ниетінің өскенін көрсеткенін жет­кізіп, кеше ғана өткен Прези­дентті ұлықтау рәсімі жайлы баяндады.
«Астанаға шымкенттік делегат болып барып, Президентті ұлық­тау рәсіміне қатысып қайт­тық. Салтанатты шарада Мемлекет бас­шысы: «Қазақта «аманат» де­ген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы ама­натқа адал болу – мен үшін қа­сиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қа­зақстанды өркендеген, бақуат­ты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасай­мын», – деп бірден іске кірісетінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев ел мүддесі, халық сенімі, эконо­ми­калық өсімнің өзегі және саяси трансформация жайлы қозғады. Біз де ел болып басшыны қолдап, Әділетті Қазақстан құру жолында аянбай еңбек етеміз», – деді ол.
Талқылауға қатысқан спи­керлер де сайлау нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халық қолдауына ие болғанының көрсеткіші екенін айтты. Енді мақсат – Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына негіз болған халықтың өмір сапасын жақсарту ісіне белсене кірісу.