Абай облысы мен ШҚО-да оқушылар бүгін де үйден оқиды
Абай облысы мен ШҚО-да оқушылар бүгін де үйден оқиды
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында аязға байланысты оқушылар тағы да қашықтан білім алады. Бүгін Абай облысында ауа температурасы 31 градус аязды көрсетіп тұр. Осыған байланысты 30 қараша күні бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Күршім аудандарында 0-11 сынып, Өскемен мен Риддерде 0-9 сынып, Жаңа Бұқтырма елді мекенінде 0-4 сынып оқушылары үйден оқиды.