Ақтауда екі кішкентай қызды көлік қағып, біреуі көз жұмды
Ақтауда екі кішкентай қызды көлік қағып, біреуі көз жұмды
Ақтау қаласында жолдан өтіп бара жатқан екі қыз баланы көлік қағып кетті, – деп хабарлады Lada.kz. Полицияның мәліметінше, жол апаты 29 қараша күні 13:15-те 31«А» және 31«Б» шағынаудандарының арасындағы жолда болған. Көлік қағып кеткен 5 және 6 жасар қыздар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Оның бірі сол жерде көз жұмды. Балалардың қасында біреуінің анасы болған. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп өтіп бара жатқанда Nissan X-Terra көлігі келіп қаққан.
«Жол апатына түскен қыздың көзінің астында қара дақтар, ісік, екі аяғының балтырында жарақат бар. Жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Травматология бөлімшесіне жатқызылды» – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімімен тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.