Айырбастау бекеті құжатын көрсетпеген азаматтарға валюта сатпауы мүмкін. Өйткені, енді шетел валютасын алғысы келгендерге жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну – міндет. Жарты миллионнан аз, тіпті 100 доллар алатын адамнан да жеке куәлігі талап етіледі. Бірақ мекенжайы сұралмайды. Ал егер айырбастаушы сомасы 500 000 теңгеден көп болса, айырбастау пунктінің «тізілімдер журналында» осынша ақшамен келіп тұрған клиенттің «жеке басын куәландыратын құжатының деректері: аты-жөні, құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі, ондағы жеке сәйкестендіру нөмірі және оның заңды мекенжайы жазылуға» тиіс.