БҚО Бөрлі ауданының тұрғындары тұрғын үй сатып алу үшін 5%-бен кредит алу мүмкіндігіне ие болады
БҚО Бөрлі ауданының тұрғындары тұрғын үй сатып алу үшін 5%-бен кредит алу мүмкіндігіне ие болады
345
оқылды
Жергілікті әкімдік өз тұрғындарын қолдау үшін 880 млн теңге бөледі. Бұл қаражат қазақстандықтарға жеңілдікті шарттар бойынша өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді. Аудандық әкімшіліктің тұрғын үй бағдарламасын іске асыруына Отбасы банк көмектеседі. Бір күн бұрын тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
– Біздің тәжірибемізде алғаш рет біз аудан әкімдігімен келісім жасап отырмыз. Әкімшілік өз тұрғындарын қолдау мақсатында қолжетімді кредит беру үшін қаражат бөледі, ал Отбасы банк қолжетімді заемдар беруге көмектеседі. Өйткені бұл бағыттағы біздің тәжірибеміз үлкен. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары бойынша шаршы метрді бастапқы жарна 10% болған жағдайда сатып алуға болады. Кредит бойынша жылдық мөлшерлеме – 5%, – деп түсіндірді Отбасы банкінің басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
Осы шарттар бойынша Бөрлі ауданының тұрғындары Ақсай қаласында салынған жаңа коттедждерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Нысандар тұрғындарды қоныстандыруға дайын тұр. Бұл жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын үш бөлмелі үйлер. Үй маңында 6 сотық жер учаскесі бар. Коттедждер әдемі әрленген. Үйлерде жылыту қазандықтары, ішкі есіктер, үш қабат шыныпакеттен жасалған терезелер, металдан жасалған кіреберіс есіктер, еденге ламинат төселген. Тұрғын үй заманауи жылыту әдістерін қолдана отырып салынған. Мұндай тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 220 мың теңгені құрайды. Оны Бөрлі ауданының тұрғындары келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда сатып алады: –  БҚО Бөрлі ауданында соңғы жыл бойы тұрақты тіркелген болуы; – бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде тұрғын үйдің болмауы; –  Бөрлі ауданында таңдалған қызмет саласындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде кемінде бір жыл болуы тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады.  Олар өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы қосымша хабарлайды. Жергілікті әкімдік немесе кәсіпорын кредит беруге қаражат бөлген кезде, осындай тәсіл бойынша Отбасы банк мыңдаған қазақстандықтарға қоныс тойын атап өтуге көмектеседі. Осындай жолмен «Қаражанбасмұнай», ERG компанияларының қызметкерлері, Қарағанды облысының кеншілері мен металлургтері жеңілдетілген шарттар бойынша тұрғын үй сатып алды. Банк бұл жұмысын «Қазфосфат» ЖШС-ден. Сондай-ақ Отбасы банк мемлекеттік бюджет қаражатын тартпай, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Алматы, Астана қалаларында, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында және БҚО-да жастар бағдарламаларын іске қосты. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында аталмыш бағдарламаларды іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша, жергілікті деңгейде тұрғын үй мәселесі шешіліп қана қоймай, сонымен бірге аймақтың дамуына ықпал ететін жоғары білікті мамандар корпусы құрылады.