Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжан, Ерлан Саиров, Артур Платонов Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Елімізде жылыту маусымы басталмай жатып, Қазақстанның бірқатар қалаларында Жылу электр орталықтары істен шығып, Риддер, Екібастұз қалаларында техногенді апат болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға шұғыл тапсырма беріп, Үкіметке еліміздің барлық жылу объектілерін тексеріп, апатты жағдай болмауы үшін іс-шаралар жасау жөнінде тапсырма берді.
Осыған орай, «AMANAT» партиясы Фракциясы мүшелері Екібастұз қаласына барып, қиын-қыстау кезеңде халықпен бірге болып, жұртшылықтың пікірін тыңдады.
Мәселені жұртшылықпен жан-жақты қарастырды. ЖЭО-лардың әбден тозығы жеткен. Мәселен, Екібастұзда жылу жүйелерінің 91%-і жарамсыз. Олигархтар пайда тауып отырғанымен, ЖЭО-ларды жаңартуға, құбырларды жөндеуге инвестиция салмайды.
- Энергетика кәсіпорындарын толық техникалық аудиттен өткізу.
- Жылу электр орталықтары, магистральді құбырлардың тозу дәрежесін анықтай отырып, халықтан алынатын тарифтердің инвестициялық бөліктерінің қайда кеткендігін анықтау.
- Жылу электр орталықтары мен магистарльдардың техникалық жағдайы үшін кәсіпорын акционерлерінің құқықтық жауапкершілігін қарастыру.
- Жалпы энергетика саласына, стратегиялық сала болғандықтан, қоғамдық бақылау орнатуға жан-жақты көңіл бөлу.