Астанада STARTUPHANA жастар Digital Fest-і өтеді
Астанада STARTUPHANA жастар Digital Fest-і өтеді
3 желтоқсанда Астанада қазақ тіліндегі ІТ-контентті дамытуға бағытталған STARTUPHANA жастар Digital Fest-і өтеді. Форумға қатысуға қазірдің өзінде 3 мыңнан астам адам тіркелді. Форумның мақсаты – қазақ тіліндегі стартап-мәдениетті дамытып жатқан жас IT-кәсіпкерлердің қауымдастығы мен ІТ-контентті қолдау.
«Astana Hub IT-стартаптарды қолдау бойынша қарқынды жұмыс атқаруда. Жыл сайын STARTUPHANA тәжірибе алмасу аясын кеңейтіп, IT-бизнесті құру және дамыту туралы білімді барынша қолжетімді етуге үлес қосуда», - дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
STARTUPHANA форумы аясында 10-нан астам табысты блогерлер мен мотиваторлар, IT-мамандар IT мамандығының өзектілігі туралы әңгімелейді, бизнес және DIGITAL саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, стартаптар, маркетинг, NFT және т.б. тақырыптарды талқылайды. Спикерлердің қатарында АҚШ LinkedIn желісіндегі аға бағдарламалық қамтамасыз ету инженері Мақсат Қадыров; «Sabaq.online» білім беру, ҰБТ және емтихандар нәтижелерін жақсарту платформасының негізін қалаушы Бөгенбай Таласұлы; Alem School бас директоры, data scientist, IT саласындағы педагогикалық тәжірибесі бар маман Данабек Қалиаждар; «Qamalladin Media» иесі және негізін қалаушы Абылайхан; Yuframe және Kex негізін қалаушысы, SalamBro, HalalSlice фаст-фуд ресторан желілерінің маркетинг бастығы Расул Абдуллаев; IOS әзірлеушісі, 3 миллионнан астам рет жүктелген Sajda бағдарламасын жасаушы Алмас Әділбек және тағы басқалар бар. STARTAPHANA
«Бүкіл әлемде, соның ішінде біздің елімізде де ІТ-индустрия мен оған қызығушылық танытқан қауымдастық соңғы жылдары еселеп дамып жатыр, бірақ қазақтілді ІТ-қауымдастық әлі де дұрыс қалыптаспаған. Мақсатымыз – осы олқылықтың орнын толтыру. Негізі, айти тілі ағылшынша ғой, бұл тұрғыда біз English-Kazakh контентін көбейтіп қана қоймай, қазақша үйрететін ІТ-стартаптарға инвестиция құйып, субсидия бөліп, қолдау көрсетуіміз қажет. Осындай стартаптардың арқасында қазіргі ІТ-қауымдастықтың қазақтілді алаңдағы белсенділігі артып, біздің онсыз да азғантай ІТ-белсенділер тобымыз бөлінбей, индустрияны бірігіп дамытуға жол ашылар еді», - дейді форум спикерлерінің бірі, «Connected Home» стартабының негізін қалаушы Мұхтар Қуанышбайұлы.
STARTUPHANA бағдарламасының ойын-сауық бөлігінде headliner өнері, қазақтілді жас IT әуесқойларының қоғамдастығы, байқаулар мен естелік сыйлықтар ұтысы, Astana Hub оқыту бағдарламалары туралы кеңестер ұсынылады. Форум бағдарламасы, спикерлер, өтетін уақыты мен орны туралы толығырақ мына сілтемеде https://startuphana.astanahub.com/kk. STARTAPHANA Digital Fest-ін Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр.