Зейнетақы жинағын 2023 жылы мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегі белгіленді
Зейнетақы жинағын 2023 жылы мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегі белгіленді
Фото: wfin.kz
1,100
оқылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағындағы қаржыны мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін белгіледі. 2023 жылға белгіленген ең төмен жеткілікті шек жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі сома болады. Келесі жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болады. Бекітілген әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек шамалары әр жас мөлшері үшін жеке анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Ең төменгі жеткілікті шек – бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі базалық зейнетақымен қоса ең төменгі зейнетақыдан кем емес жиынтық төлемдер алуы үшін шотында қалуға тиісті ең төменгі сома. Сонымен, әр жас жеке есептелетінін ескеріңіз.