Ақмолада Президент сайлауының қорытындысына орай қоғамдық кеңес отырысы өтті
Ақмолада Президент сайлауының қорытындысына орай қоғамдық кеңес отырысы өтті
Көкшетауда «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда мәдениет пен өнер, білім саласында жүрген өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бас қосты. Кеңес отырысында еліміз үшін маңызы зор президент сайлауының қорытындысына қатысты пікірлер айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Кеңес отырысына қатысушылар Мемлекет басшысының жаңа президенттік мерзімдегі ауылды дамытудың алдағы 5 жылға арналған нақты жоспарын бекіту туралы алғашқы Жарлығын бірауыздан қолдап өз пікірлері мен ойларын ортаға салды. Деректерге сенсек бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады.    width= Кеңес отырысында Ақмола облысының мәдениет және өнер саласында атқарылып жатқан жұмыстар тілге тиек етіліп, бұл бағытта бірқатар ұсыныс-тілектер айтылды.
– Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Сондықтан өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын дамыту мәселесін қолға алу аса маңызды, – дейді Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.
Ведомствоның мәліметтеріне сенсек, соңғы 3 жылда 4 млрд теңгеге өңірдегі 136 мәдениет нысаны жөндеуден өткен. Ал, биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы және Қазақстанның Жол картасы аясында 14 мәдениет нысаны ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіпті. Бұл мақсатқа 1 миллиардтан астам теңге қарастырылған. Жалпы, биыл 10 айында облыста 739 000 көрерменді қамтыған 5000-нан астам мәдени іс-шара өткен.

Ақмола облысы